Полицейлер жолаушылар автобустарын тексерді

256

Шымкентте полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын көлік жүргізушілерімен күресуді бастады. Бұл жолы құзырлы орган өкілдері Көмешбұлақ базары маңы мен теміржол вокзолындағы автотұрақтағы автобус иелеріне тексеру жүргізді.

008

Рейд кезінде көлік жүргізушілері тәртіп сақшыларын көре сала жан-жаққа қаша жөнелді. Шара барысында белсенділік танытқан полицейлер құрығына түскен жүргізушілерге ескерту ғана бермей, қатаң шара қолданды.

Тәртіпке бағынбай, заңсыз автотұрақта тұратын темір тұлпар иелері енді жол сақшыларының қадағалауында болмақ. Өйткені соңғы үш айда ірі жол апаттарының басым бөлігі заңсыз жолаушыларды тасымалдайтын көлік жүргізушілердің қатысымен орын алған.