Шымкентте қоқыс зауыты ашылды

1711
Шымкенттен күніне 150 камаз қоқыс шығарылады

Шымкентте жаңадан іске қосылған кәсіпорынның бірі – қоқыс өңдеу зауыты. Бұл нысанның ашылуы көптен күттіріп еді. Жергілікті биліктің бас қатырған басты мәселесіне айналған болатын. Енді жылына 200 мың тоннаға дейін қалдық өңдеуге мүмкіндігі бар кәсіпорынды «Технология 21» ЖШС кәдеге жаратуға кірісті.

Шымкенттен күніне 150 камаз қоқыс шығарылады
Шымкенттен күніне 150 қоқыс шығарылады

Аумағы 5 гектар жерді құрайтын зауытқа күніне 120-130 қоқыс артқан жүк көліктері келеді. Бұның бәрі бүкіл шаһардан жиналған қоқыс. Қазір мұнда 200-ге жуық жұмысшы бір ауысымда жұмыс істейді. Андрей Подпроядов қалдықтарды сұрыптаушы қызметін атқаруда. «Қоқысты өңдеудің де еңбегі көп» дейді ол.

Андрей Подпорядов, «Технология 21″ ЖШС жұмысшысы:»Айлық – 60 мың теңге. Жұмыссыздан көрі осы дұрыс. Адам қай жерде болмасын, ең бастысы, жұмыс істеуге деген ықылас болса, болғаны. Сонда ол үшін ешқандай қиын болмайды.»

Қоқыстарды іріктеу конвеинер
Қоқыстар іріктелуде

Конвейерден 1 тәулікте Шымкенттен келетін 500 мың тонна қоқыс өтеді. Мұнда жұмысшылар полиэтилен бөтелкелері мен қағаздарды іріктеп, алып қалып отырады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NdY3b3UAaXc[/youtube]

Ресейлік құрылғы қағаз, полиэтилен бөтелкелерін және қоқыс қалдықтарын жік-жігімен топтастырып шығарады. Қағаз бен бөтелге қайта өңдеу кәсіп орындарына, ал қалдықтар полигонға жөнелтіледі. Қазір мекеме қоқыстың 10 пайызын қайта кәдеге жаратуда. Келер жылы бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін арттыру жоспарланған.

Нұрлан Дәулетбаев, «Технология 21» ЖШС директоры: «Біз келер жылы зауытты толық автоматтандырумен қатар полиэтиленді бөтелкеден синтипон және қалдықтардан баламалы отын көздерін алуды жоспарлап отырмыз.»

Қоқыстың 10 пайызы қажетке қайта жаратылуда. Келер жылы бұ 50 пайызға арттыру жоспарланған

Айта кету керек 2011 жылы құрылысы басталған зауыт былтыр ашылу керек болатын. Белгісіз себептермен кәсіпорынның іске қосылуы кейінге шегерілді. Сөйтіп енді ғана тірлікке көшкен зауыт 3 ауысымда жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Өңдеу орынының құрылысына 1 миллиард 150 миллион теңге жұмсалған.