Сырдария мен Бадамнан екі адамның мәйіті табылды

406

Өңірімізде 14 және 15 шілде күндері суға ағып кеткен екі адамның денесі табылды. Олардың мәйітін судың түбінен 17 шілде күні таңғы сағат 8-де сүңгуірлер-құтқарушылар алып шықты.

009

Кезекті суыт хабар Бадам станциясындағы кезекшіден 14 шілде күні кешкі сағат 9-да түсті. Жағалаудан 300 метр шамасында жерде скутермен жүрген жас жігіт суға құлап кеткен. Оны іздеуге облыстық ТЖД сүңгуірлері аттанады. Кейінірек Бадамның құтқарушылары қосылды.

Іздеуге барлығы 13 адам қатысты. Олардың жұмысына қатты жел кедергі жасап, қайықтарын аударып тастап отырды.

17 шілде күні таңғы сағат 06:30-да 20 жастағы жігіттің денесі жағадан 600 метр жерден табылды.

Бұл жұмыстармен қатар Шымкенттен тағы бір шұғыл топ Сырдарияның жағалауындағы Балтакөл ауылына аттанды. Бұл жақтан түскен хабарға қарағанда, 15 шілде күні таңғы сағат 7-де дарияның көпірі маңында балықшылар суға кетіпті.

17 шілде күні таңғы сағат 9-да балықшылардың бірінің денесі оқиға болған жерден 10 шақырым жерден табылды. Оны ағыс ағызып әкетіпті. Екінші балықшы іздестірілу үстінде.