«Таза қала» акциясы басталды

1010

Шымкентте «Таза қала» байқауына іріктеу басталды. Арнайы құрылған комиссия мүшелері ең таза аула, ең көрікті көшелерді анықтауға кірісті. Алғаш болып Әл Фараби аудан әкімішілігі байқауға қатысуға ниет білдірген көп қабатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, көрікті аулаларды аралап шықты.

006

Жасыл желек, жайқалған гүлдер, ең бастысы – таза аула. Көзге ерекше түсетін Әлия Молдағұлова көшесіндегі № 4 «А» үйдің тұрғындарының тазалыққа жаны жақын екені бірден аңғарылады. Аула тұрғындары көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, аптаның соңғы күнінде тазалық шарасын өткізеді. Мәдениеттілікке жаны жақын мұндағы тұрғындар биыл «Таза қала» акциясына қатысып, көпшілікке үлгі етуді мақсат етіпті.

«Таза қала» акциясына Әл Фараби ауданы бойынша биыл 10 көше мен 58 аула тұрғындары қатысуға ниет білдірген. Бұл былтырмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Байқау аясында арнайы құрылған комиссия ең таза аула, ең көрікті көшелерді анықтап жатыр. Жарысқа түскен барлық өтініштер қарастырылатын болады. Комиссия бірде бір нысанның қалыс қалмайтынын айтып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=HmoQpEypJs8[/youtube]

Іс-шара барысында көп қабатты үйлердің подъезі, ауласының тазалығы, жасыл желек отырғызылуы ескерілді. Сондай-ақ байқау кезінде жер үйлерге, үздік көшелерге көп мән берілмек. «Таза қала» акциясы қыркүйек айына дейін жалғасады. Үздіктер қала күні мерекесі қарсаңында марапатталады.

Лаура Нақыпқызы