Халық қаһарманы прокурорлармен кездесті

456

Облысымызға іс-сапармен Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев келді. Іс-сапар барысында халық қаһарманы облыс прокурорларымен кездесі.

012

2015 жылдың 6 айында өңірімізде криминогендік ахуал, қылмыстар саны 30 пайызға өскен. Құзырлы қызметкерлер атқарылған жұмыстарына есеп беріп, өзге де мәселелер баяндалды. Прокурорларды мұқият тыңдаған Бақыржан Ертаев өз кезегінде адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін сөз етті.

Сөз соңында генерал мырза прокуратура ұжымына кездесу барысында ашық әңгімелері үшін ризашылығын білдіре отырып, таңдаған мамандықтарына беріле жұмыс атқаратындарына сенім білдірді.