Халықаралық жол құрылысы кешігуде

478

Батыс Еуропа -Батыс Қытай автомагистралының бір бөлігі саналатын Шымкент-Ташкент тасжолының құрылысы кестеден кешігіп келеді. Қытайлық мердігер компания өздеріне тиесілі 32 шақырым жолдың бар болғаны 7 шақырымында жер жұмыстарын жүргізуде. Барлық техникасы мен құрылыс материалдары мен жұмысшылары жеткілікті бола тұра жұмыс неге баяу жүргізіліп жатыр?

011

Өздеріне тиесілі – 46, қосалқы 8 мердігердің 132 техникасы бар қытайлық компанияда 100-ден астам жергілікті тұрғын жұмысқа тартылыпты. Тап осындай алып мекеменің жұмысы неге баяу деген сауалмен алғашында жұмысшылармен тілдесуді жөн көрдік. Мұндағы жол бойынан Оңтүстіктің аптап ыстығында жүк көліктерін тізгендеп жүрген жерлестерімізді табу қиынға түскен жоқ. Өзін тракторшы деп таныстырған Абай Маңбаев бірден жалақының төмен екенін айтты. Сағатына 330 теңге аламыз дейді. Ал бір күнде стандарт 10 сағат жұмыс істейтін көрінеді.

Қытайлық «Шинахаудер» компаниясының басшылары белгіленген кестеден бір айға кешігіп жатқандарын жасырмады. Басты себеп жобада көрсетілмеген қиындықтарға тап болдық дейді шетелдіктер. Компания асфальт қабатын қырып, жер қыртысындағы топырақты алып тастауға мәжбүр болыпты. Кезінде топырақ зертханада тексерілмеген, ол қосымша қаражат пен уақытты талап етеді дейді қытайлық мамандар.

Бүгінгі таңда құрылысшылар тапсырыс берушілерге жобаға өзгеріс енгізуге ұсыныс беріпті. Өткен аптада жер жұмыстары аяқталған жол бөлігіне бетон төсеуді бастаған. Енді 1,5 айда бетондау жұмыстары қарқынды жүреді деген сенімде. Бұған дейін Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралының үш учаскесінде жұмыс жасаған қытайлық компания алдағы жылдың тамыс айында нысанды тапсыруға уәде беріп отыр.

Нұрлан Жаңабай