Мемлекеттік қызметтен қашатындар бар

266

Оңтүстікте таныс-тамыр арқылы мемлекеттік қызметтің орынтағына жайғасқандар әлі де бар. Бірақ жуық жылдары бұл мәселе шешілуі мүмкін. Есесіне «Алтын қор» кадр резерві саласында дайындықтан өткен жас мамандар мемлекеттік қызметтен қашып жатыр.

006

Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы директорының орынбасары Бақыткүл Мәлікқызы мәлімдеді. Статистикалық көрсеткіш бойынша, курстан өткендердің көбі кәсіпкерлікпен нәпақасын тауып жүр екен. Бұның басты себебі – мемлекеттік қызметтің жалақысы күн көріске жетпейді.

Енді аталған мәселелер жуық арада шешімін табуы мүмкін. Өйткені «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында алдағы уақытта мемлекеттік қызметке келетіндер іріктеуден өткізілмек. Ал олардың жұмысы БАҚ өкілдері арқылы жұртқа жария етілетін болады.