Нәпақа іздеп, шекара асқан жеткіншектер

308

Еліміздің шекарасынан заңсыз өтпек болған өзбекстандық екі жасөспірім қолға түсті. Олар Шымкентке келіп, нәпақа таппақ болған. Алайда әрекеттері әшкере болып,  жарты жолда ұсталды. Қазір бұл жеткіншектер бейімдеу орталығында күнелтіп жатыр.

006

17 жасар Тұрсынбай Шымкентке біреудің шақыруымен еңбек етуге келгенін айтады. Дайын жұмыс, тегін баспана деп уәде бергендер жасөспірімді ешбір кедергісіз шекарадан өткіземіз деп сендірген. Алайда, бұл әрекет әшкере болып, жасөспірім бейімдеу орталығынан бір-ақ шықты.

007

Қазір бұл орталықта өзге елден келген екі жасөспірім бар. Кәмәлет жасына толмағандар заңсыз шекара асуға бел буғандарын нәпақа табумен байланыстыруда.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=PLlPLoJKLFM[/youtube]

Сыртқы істер қызметкерлері өзбекстандық екі жасөспірімнің ата-анасымен байланыс орнатып жатыр. Оқушылардың тұрақты мекенжайы анықталған соң олар елдеріне қайтарылмақ.

Лаура Нақыпқызы