Облыс әкімі палуанды марапаттады

382

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік мақтанышын арнайы марапаттады. Бағдаулет Әлментай еркін күрестен әлем чемпионатында қоладан алқа таққан болатын. Облыс тарихында жергілікті палуандар мұндай жетістікке осымен үшінші рет жетіп отыр.

001

Түлкібас ауданының тумасы Оңтүстік басшысының қолынан бір миллион теңгелік сыйақы алды. Ал спортшының бапкері Тоймұханбет Төребекұлы 500 теңгелік сертификатқа ие болды.

96 келідегі палуандар арасында сынға түскен Бағдаулет 2015 жылы Азия чемпионы атанды. Енді бұл жолы Бразилияда қола жүлдегер атанды. Ендігі мақсат – Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алу.