Польша мен Түркиядан әкелінген алмалар өнім бере бастады

849

Түлкібаста 2013 жылы 90 га жерге Польша мен Түркиядан әкелініп егілген «Голден Делишес», «Фуджи», «Старкримсом» алма сұрыптарының ағашы өнім бере бастады. Аталған алмалар аласа бойлы.

004

Алманың бұл сұрпы егілгеннен кейін 3-4 жылда өнім береді дейді агрономдар. Арнайы бағана тіреуіш қойып өсетін алмалар 40 және 50 жылға дейін өмір сүреді. Алдағы күз айларында алма жинау науқаны басталмақ.

Биыл Польша кәсіпкерлерімен бірге аудандағы 3 шаруашылықта қосымша 400 гектар жерге алма бауын егу қолға алынбақ. Ғалымдардың айтуына қарағанда Түлкібас ауданы алма егуге еліміздегі ең бір қолайлы өңір.

Бүгінде Түлкібас ауданына алма бау егуге шетел кәсіпкерлері қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар алма алғаш рет Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» қорығы аймағында өсетін жабайы алмалардан таратылды деген сөз бар.