«Шардара ісінде» судья ауыспайды

275

Облыстық соттың барлық судьяларына қарсылық білдіргендер бар.  Шардарадағы екінші дәрежелі банкті тонағандардың соты апелляциялык сотта 3 тамыз күні қайта жалғасты.

001

Бес жыл алты айға сотталған Қасымов пен Ахметовтың қоғамдық қорғаушысы ретінда іске қатысып отырған туыстары алдыңғы сот отырысында төрағалық етуші судья Оңғарбаевқа сенімсіздік танытамыз деп судьяны ауыстыруды сұранған еді.

Бұл жолғы отырыста айыпталушылардың қорғаушылары облыстық соттың бүкіл құрамына қарсымыз деген талап тілек білдірді. Алғашқы судья Оңғарбаевты ауыстыру немесе қалдыру мәселесі Әшірбек Рахымбаевқа жүктелген болатын. Соңғы айтылған талап-тілек қолданыстағы заңға сай келмейтінін түсіндіріп, судья қаулы шығаруға үзіліс жарялады. Онан соң қаулыны жария етті. Оған сәйкес бұл істе судья ауыстырылмайтын болды. Және бұл қаулы шағымдануға жатпайды.

Ернар Балабеков