Түркістан театры алты айда көрерменге 109 қойылым ұсынды

711

Түркістан қаласының сазды-драма театры көрермендерге бірінші жарты жылдықта 109 қойылым ұсынған. Ақылы қызметтен 3 млн теңгеден астам қаржы түсіп, жоспарланған жылдық түсімнің жартысы орындалды.

Бұл жөнінде «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте театр директоры Е.Исатаев мәлімдеді.
Театр басшысының айтуынша, биыл жоспарланған 3 жаңа қойылым мен жоспардан тыс бір спектакльдің тұсаукесері өткізілген.

001

Сондай-ақ, сәуір айында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай арнайы сахналанған Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Хандық аманат, Таңбалы тас» атты тарихи драмасының тұсаукесері, Жеңістің 70 жылдығына орай Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу» атты драмасының премьерасы қойылды. Ал шілде айында М.Байджиевтің «Тіл табысқандар» комедиясының тұсаукесері мен театрдың ХV маусымның жабылуы өтті.

002

Маусымды жақсы жетістікпен тәмамдаған театр облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Театр көктемі-2015» облыстық театрлар фестивалінде Ә.Нұршайықов романының желісімен жазылған «Махаббат, қызық мол жылдар» атты драмасымен өнер көрсетіп, «Көрермен көзайымы» номинациясына лайық деп танылса, театрдың жас әртісі Ә.Қожабекова «Ең үздік әйел ролі» номинациясына ие болды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі