Түркістанда сауда кешенінен өрт шықты

331
әуесқой түсірілім

Түркістан қаласында тағы да өрт оқиғасы тіркелді. Мұнда биыл екінші рет базардан тілсіз жау тұтанып отыр. Куәгерлердің айтуынша,төтенше жағдай «Керуен сарай» сауда және қызмет көрсету кешенінде кешкі сағат 19:00-де болған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LOfpQ74Lozg[/youtube]

Қызыл жалынды ауыздықтауға 10 арнайы өрт сөндіру техникасы мен 75 жеке құрам жасағы жұмылдырылыпты. Әбүйір болғанда адам шығыны жоқ. Бірақ, тілсіз жау 1400 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қазір мұндағы мүліктер талан-таражға түспеуі үшін Түркістан қаласындағы ішкі істер басқармасының 280 қызметкері оқшауландырылған аумақты бақылауда. Әзірге өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталып жатыр.

8304

әуесқой түсірілім
әуесқой түсірілім

Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі: «Өрт шыққаны туралы сағат 19:10 шамасында хабарланды. Ол кезде өрт лаулап, қатты жанып жатқан. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай қызметкерлері жалынды сағат 20:20-да өшіріп үлгерді. Өрт сөндірушілердің алдын ала айтқан тұжырымдамасы, сараптамашылардың мәліметі – мейрамхана жұмысшыларының электр желілерін жөндеу жұмыстарынан өрт туындаған. Яғни, өрт осыдан шыққан деген болжам жасап отыр».