Жаңа өткелге кім жауапты…

348
пайдалануға берілмей жатып қирауға айналған жер асты өткелі

Шымкентте тағы бір жерасты жолы талқандалуға айналды. Құрылысы аяқталған өткел мемлекеттік қабылдаудан өтпей жатып қирауға шақ. Көмешбұлақ базарының маңындағы нысанның  санитарлық жағдайы да мәз емес.

Сарыағаштық Разия Өтенова өткелдің ашылғанына қуанғандардың бірі. Қалаға жиі келетін ол, көлік көп жүретін көшеден қарсы бетке өту жеңілдегенін айтады. Бірақ, қазір қуанышы су сепкендей басылған. Өйткені нысанның тазалығы сын көтермейді.

Жерасты өткелінен жиі өтетін тұрғын

Разия Өтенова: «Мына жолдан өту қауіпті еді. Енді жақсы өтеміз. Бұл жарасты өткелі бұрыннан керек еді. Бірақ, тазалыққа кім жауапты екенін білмеймін, тазалық болмай кетті.»

пайдалануға берілмей жатып қирауға айналған жер асты өткелі
пайдалануға берілмей жатып қирауға айналған өткел

Жерасты жолының маңайына 2 бейне-бақылау орнатылған. Соған қарамастан, қабырғасы қирауға айналып, кафельдері үгітіле бастаған. Жанында сауда орталығы барын ескермесе керек, қоқыс жәшіктерін орнату ұмыт қалған. Осындай кем-кетігіне қарамастан, жауаптылар жерасты өткелін жуық арада мемлекеттік қабылдаудан өткізбек.

Асылбек Баймұрзаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары: «Санитарлық жағдайға да «Мрамориал плюс» мекемесі жауапты. Әзірге бізге өткізбегенше. Ал енді қалпына келтіру жұмыстары бойынша күні кеше тапсырма берлдік. Біз де барып аралап көрдік. Енді 10 күн мерзім бердік. Бағанағы сынған граниттерді қалпына келтіру жөнінде.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gOlKWSnnep4[/youtube]

Жерасты жолының жанына арнайы қоқыс жәшігі орнатылмайынша, мұндағы көрініс өзгермесі анық. Бейне-бақылау камералары арқылы полицейлерге тәртіп пен тазалық тапсырылса да жауаптылар әзірге ахуалды реттей алмай жатыр. Осылайша өткелдердің тақырыбы өткір күйі қалып отыр.