Қала әкімі Көкбұлақтағы мектептің ашылуына қатысты

1540
Жаңа оқу жылы қарсаңында облысымызда жаңа мектептер ашылып жатыр. Соның бірі – Көкбұлақтағы білім ошағының ашылу салтанатына Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов қатысты. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
001
Көкбұлақ ауылы – өткен жылы қала аумағына қосылған елдімекендердің бірі. Мұнда қайта ашылып отырған № 118 мектеп 300 оқушыға лайықталған. 55 мұғалім сабақ береді.
005
002
Бұған дейін бұл ауылдың оқушылары ескі мектепте оқып келген. Мердігерлер оны бұзып, жаңа білім ошағын қайта салды. Мектеп жаңа компьютер сыныптарымен жабдықталған. 2 шеберхана, 3 электрлі-интерактивті тақта, 1 мультимедиа-лингофон кабинеті бар.
006
Оған қоса 50 орынды асхана, химия, физика, биология пәндерінің арнайы сыныптары бар.
011
007
Мұнымен қатар спорт залы, медициналық кабинеттер де оқушылардың жан-жақты білім алуы үшін жұмыс істеп тұр.
004
Салтанатты шарада сөз алған қала әкімі ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілеп, қуаныштарымен құттықтады.
013
003
010
012
009
Айта кету керек, 2015 жылдың бірінші қыркүйегі күні Шымкенттегі 126 мектепте 21 мың оқушы бірінші сынып табалдырығын аттайды. Ал жалпы қалада 147 мың оқушы бар.