Қала әкімі шымкенттіктерді Құрбан айтымен құттықтады

260
Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкент қаласының әкімі қала тұрғындарын Құрбан айты мерекесімен құттықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

Ғабидолла Әбдірахымов

Құрметті шымкенттіктер!

Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айты мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам баршамызды шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады. Қасиетті Құрбан айты – адамдарды ізгілік пен мейірімділікке бастайтын мерекелердің бірі.

Бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналған Қазақстанда Ислам діні кеңінен қанат жайып келеді.
Шымкент қаласының мұсылман қауымы өзге дін өкілдерімен қатар елімізді, қаламызды көркейтіп, оның бай мәдени және рухани дәстүрлерін дамыту, ұлтаралық келісімді және діни төзімділікті нығайту жолында жүргізіліп жатқан ауқымды шараларға зор үлес қосуда.

Қадірлі қала тұрғындары мен қонақтары!

Миллиондаған мұсылман үшін төзімділік, жақыныңа деген қамқорлық тәрізді жоғары адамгершілік құндылықтарымен маңызды бұл мейрам баршаңызға ырыс-берекесін сыйласын. Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін!

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов