Қуыршақ театры балаларға Қазақ елінің тарихын таныстырды

1263
Қуыршақ театры
Қуыршақ театры

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай оқушыларға да тарту жасалынды. Облыстық қуыршақ театрының әртістері балаларға арнап «Бақыт құсы» атты қойылымын ұсынды. Өнерпаздар Қазақ елінің тарихын өскелең ұрпаққа көрініс арқылы ұғындыруға барын салды.

Қуыршақ театры
Қуыршақ театры

Айта кетейік, жыл басынан бері шығармашылық ұжым білім ұяларындағы шәкірттерге арнап 500-ден аса қойылым көрсеткен.

Облыстық балалар қуыршақ театры әр сенбі сайын өз көрермендері үшін қойылым ұсынуда әдетке айналдырған. Көрермендерін асыға күтетін шығармашылық ұжымның жаңа маусымдағы жоспары тың.