Аслан Сәрінжіпов Оңтүстікке арнайы жұмыс сапарымен келді.

384

саринжиповБүгін өңірімізге Білім және Ғылым Министрі Аслан Сәрінжіпов арнайы жұмыс сапарымен келді. Ведомство басшысы облыс әкімі Бейбіт Атамқұловпен кездесіп, саланың түйткілдерін талқылады. Өңір басшысы «ә» дегеннен-ақ жас педагогтарға қолдау қажеттігін көлденең тартты. Ұстаздарға арнайы әлеуметтік пакет дайындауды ұсынды. Сондай-ақ, бұл қолдаудың өз саласын жіті меңгерген жас мамандарға ғана тиесілі болатынын қадап айтты. Облыс әкімінің пайымдауынша, бұл көмек өңірдің білім деңгейін жақсартып, мұғалімдер арасындағы бәсекелестікті орнатуға жағдай туғызады. Өз кезегінде ведомство басшылығы бұл жобаны жан-жақты зерттеп, іске асыруға уәде етті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zMxfM0MRiWo[/youtube]