Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны өзгерді

486
Шымкент. Жәрмеңке
Шымкент. Жәрмеңке

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен әр сенбі сайын ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік және күнделікті тұтыну тауарларын өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылуда. Енді осы жәрмеңке Қажымұқан атындағы орталық стадион маңында өтеді деп бекітілді.

Шымкент. Жәрмеңке
Шымкент. Жәрмеңке

Өткен сенбіде ұйымдастырылған жәрмеңкеге Отырар, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз тауарларын шымкенттіктерге ұсынған болатын. Аталған аудандардың әрқайсынан 10 тонна көкөніс, 3 тонна ет, 2 тонна картоп, және 1 тоннадан кем емес жеміс-жидек пен сүт өнімі жеткізіліп, облыс орталығының тұрғындарына жеңілдетілген бағада саудаланды.

Шымкент. Жәрмеңке
Шымкент. Жәрмеңке

Енді алдағы 12 қыркүйек күні өтетін жәрмеңкеге Арыс қаласының және Сарыағаш, Шардара аудандарының диқандары мен шаруалары қатысады деп күтілуде.