Данат Жумин – Шымкент әкімінің кеңесшісі

413

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңадан тағайындаулар жалғасуда. 2 қыркүйек күні Данат Жумин қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Данат Жумин - Шымкент әкімінің кеңесшісі

Жумин Данат Есболұлы 2002 Қостанайдың бизнес колледжін «Менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірсе, 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдап шықты.

Ал 2009 жылы АҚШ-тағы Монтана университетін бітіріп, мемлекеттік басқару ісінің магистрі дипломын алды. Ал қазіргі уақытта Гарвард бизнес мектебін жоғарғы шенді жетекшілерді дайындау бағдарламасы бойынша білім алуда.

2013 жылы жалпыұлттық «Қазақстан – 2030» қозғалысы кеңесінің төрағасы болып сайланған.