Оңтүстік жамағаты қажылыққа аттанды

527
Қажылық

Оңтүстік жұрты қажылыққа аттанды. Қасиетті Мекке қаласына өңірімізден бұл жолы 400-ге жуық жерлесіміз жолға шықты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамы Ахметжан Керімбек сауапты сапарға аттанғандардың алғашқы легін дұға-тілекпен шығарып салды.

Қажылық

Қажылық ғибадатын өтеу – Алланың ұлы нығметі. Бес парыздың бірін орындауға жылдан жылға ниет еткен азаматтардың саны артып отыр. Биыл қасиетті сапарға Оңтүстіктен екі мыңға жуық адам атанбақ.

Сапарға жол тартқандар сақадай сай. Бәрінің тілегі бір – қасиетті Мекке-Мадина қаласына барып, дұға-тілек жасау. Қасиетті сапарға аттанғандардың арасында қастарына аналарын ерткен азаматтар да бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=F2TFvxM9RWE[/youtube]

Бір қуантарлығы, қажылық сапарға ниет еткендердің қатарында ересектермен қатар жастар да жетерлік. Алғашқы легінде оңтүстіктен 400-ге жуық азамат аттанды.

Лаура Нақыпқызы