Облыс әкімі спортшыларды марапаттады

494
Бейбіт Атамқұлов. Спортшылар

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов халықаралық және әлем біріншілігі жарысындағы жеңімпаздармен кездесті. Жеңімпаздарды марапаттаған облыс әкімі жүлдегерлер мен бас бапкерге 200 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін қаржылай сертификат табыс етті.

Бейбіт Атамқұлов. Спортшылар

– Сіздер – еліміздің мақтанышы әрі батырысыздар. Біздің елімізді өзге мемлекеттер, алдымен мемлекет басшысы Н.Назарбаев арқылы таныса, одан соң сіздердей сайыпқырандарымыздың арқасында біледі. Спорттағы әрбір жеңісімізде әлем елдері аспанында көк байрағымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалады. Сол үшін Сіздерге рахмет!, – деді өңір басшысы.

Бейбіт Атамқұлов. Спортшылар

Облыс әкімінің айтуынша, балаларды жастайынан спортқа баулып, әрбір ауылда спортпен шұғылданатындай жағдай жасалу қажет. Сонымен қатар облыстың спорттық мекемелері мен елдімекендерде келешек ұрпаққа үлгі болатындай спортшылардың суреті ілінген билбордтар орнатылуы тиіс. Кездесу барысында облыс әкімі өңірдің үздік спортшыларының есімдерін арнайы құрмет кітабына енгізу керегін де айтты.

Марапатталғандар – Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері З.Сайфулин, қола жүлдегері Қ.Ералиев пен Астана қаласында өткен «Теңге ілуден» І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы Ғ.Ізжанов, Санкт-Петербург қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Д.Нысан мен Оңтүстік Кореяда таэквондодан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Е.Балтабаев және де бокстан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері М.Айтжановтар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SpHaHxlMDTs[/youtube]

Аймақ басшысының қабылдауында болған бас бапкер М.Айтжанов алдағы болатын әлемдік додаларда жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстанның оның ішінде Оңтүстік өңірінің абыройын асқақтататынына спортшылар атынан сенім білдіріп, спортқа деген жанашырлығы үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі