Сақшының үйінен оқ-дәрі табылды

766
Оқ-дәрілер
Оқ-дәрілер

Шымкентте түзету мекемесінің жедел уәкілі абақтыға жабылды. Сақшының үйін тінту кезінде заңсыз сақталған 300 дана ПМ маркалы оқ-дәрі табылған. Күдікті бұрын 167/3 түзету мекемесінде атыс сабақтарына жетекші ретінде қатысқан екен.

Оқ-дәрілер
Оқ-дәрілер

Ол оқ-дәрілерді қабылдап-таратуға тікелей қатысты болыпты. Тергеуде патрондардың қайдан алынғаны анықталатын болады. Абай аудандық сотының 21 тамыздағы қаулысы негізінде күдіктіні 2 ай мерзімге күзетпен ұстау жөніндегі санкция берілді.