Сайрам ауданындағы 250 орындық мектепте 800 бала оқиды

772
Фото34
Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектеп

Сайрам ауданындағы сыйымдылығы 250 оқушыны ғана қабылдауға жарайтын Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектепте бүгінде 800 бала білім алып жатыр. Еліміздегі жалпы орта білім беруге арналған жағдайдың бәрінен де шет қалған білім ордасы ғимаратының салынғанына 50 жылдан асқан. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Сайрам ауданына жасаған сапарында осынау мың сан мәселесі бар оқу нысанында болып қайтты.

Фото38

Фото4

1964 жылы балабақша ретінде ашылған ғимарат өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында күрделі жөндеуден өткізіліп, 1996 жылы орта білім беретін мектеп түріне көшкен. Еш стандартқа сай келмейтін мектептің басшылығы арнайы келген өңір басшысына бар мәселені жайып салды.

Фото13

Айтуларынша, үш ауысымда оқытатын мектептің бір сыныбында 25-30 бала білім алады. Ал әрбір сыныптың сыйымдылығы -10-15 балаға шақталған.  Асхана жоқ, спорт залы да жоқ. Қыс мезгілінде көмірмен жылытылады.

Фото20

Фото22

Фото16

Фото23

Фото17

Фото25

Сыныптың терезе жақтаулары ескіріп, әйнектері сынған. Жеткіншектер тозығы жеткен партада жайғасып, өткеннен қалған қара тақталарға бормен жазады. Интерактив тақта дегеннен хабарсыз. Мультимедиалық кабинеттің төбесіндегі сылағы түсіп, жауын-шашын кезінде шатырдан сарылдап су өтеді.

Фото31

Фото32

Фото27

Фото29

Фото30

Мектеп кітапханасының есігіне жету қиын. Ішке кіру үшін жерден бірнеше метр биіктіктегі баспалдақпен көтерілу керек. Енсіз, әрі темір баспалдақпен жүру де қауіпті. Кітапханада кітап сөрелері жетпейді. Оқулықтар қат-қат болып, еденде үйіліп жатады.

Фото33
Жаңа мектептің жобасы

Аудан әкімдігі бұл мектепті қайта күрделі жөндеуден өткізудің еш пайда әкелмейтінін, оның орнына жаңа мектеп ғимаратын салу керектігін айтады. Жобалық-сметалық құжаты да әзір. Бірақ, жобаны жүзеге асыру үшін 456 млн теңге қажет.

Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров

Аудан әкімі Уәлихан Қайназаров облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлынан қажетті қаржыны облыс бюджетінің жоспарына енгізіп, ақша бөлдіруді сұрады. Жоба құнының 7-8 пайызын аудан бюджетінен көтеруге қауқары жететінін де қосып қойды. Жағдайды өз көзімен көрген өңір басшысы жаңа мектептің құрылысына қажетті қаржы бөлдіруді қолдайтынын және бұл мәселені өз бақылауына алатынын айтты.

Фото: Жәнібек НҰРЫШ.