Шымкент әкімі аппаратының жаңа жетекшісі тағайындалды

346
Фото: //kapital.kz

Шымкент қаласы әкімдігінде – жаңа тағайындау. Қала әкімі аппаратының жетекшісі болып Рашид Аюпов тағайындалды.

34 жастағы Рашид Аюпов президенттің халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып келген. Бұған дейін ол шетелдегі қазақстандықтардың бірлестігі – «ҚазАльянстың» президенті болып қызмет атқарып келген.

Фото: //kapital.kz
Фото: //kapital.kz

Рашид Аюпов – Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнын мемлекеттік басқару ісі бойынша магистрі. Түрлі жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің сектор меңгерушісі, Қазақстанның мемлекеттік қызмет агенттігінің «Ақпарат және тест орталығының» директоры, Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадрды басқару секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген.