Түлкібаста екі балабақша ашылды

475
Түлкібас. Балабақша

Түлкібас ауданында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші жаман емес. Мұнда «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жасар балаларды қамту өткен жылы 76,6 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 93 пайызды құрап отыр.

Түлкібас. Балабақша

Әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан аудандағы шалғай орналасқан елдімекендерде алдағы уақытта да балабақшалар ашылып, жаңа білім ошақтары балаларға есігін айқара ашпақ. Сондай өңірдің бірі Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылында 150 орынды мектептің құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Ал таяуда ауылда 100 орынды «Қарақат» балабақшасы ел игілігіне берілді. Әлеуметтік нысан «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекет пен жекеменшік әріптестігі негізінде іске қосылып отыр. Балабақшада Жаңаталап, Жыланды, Қарабастау ауылының бүлдіршіндері қамтылcа, 22 азамат жұмысқа орналасты.

Осы күні Жаскешу ауылында да жаңа 100 орынды балабақша пайдалануға берілді. 5500-ге жуық халқы бар Жаскешу ауылында бұл осымен 3-ші балабақша болып отыр. Халық саны жыл сайын өсіп келе жатқан ауылда жаңа балабақшаға 25 адам тұрақты жұмысқа тұрды.

Бұл балабақшаларда ойын алаңдары, жатын бөлмелер, оқу сыныптары, бейнелеу өнері залдары заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ашылу салтанатында аудан әкімі Қ.Абдуалиев сөз сөйлеп, бүгінгі күнге дейін ауылдық округтеріндің орталық ауылдарына ерекше көңіл бөлініп келсе, енді шалғай орналасқан елдімекендердің ішкі көшелері жөнделіп, мектептер мен балабақшалар, спорт алаңшалары және саябақтар ашылып отыр деді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін ауданда тағы 3 балабақша ашылу жоспарлануда.

Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз хатшысы