Түнгі клубта атыс болды

464

Шымкенттегі түнгі клубта атыс болып, екі адам зардап шекті. «PACHA» түнгі клубындағы атыс көпшіліктің жағасын ұстатқан. Ал полицияға хабар түнгі үште түсіпті. Клуб қонақтарының арасындағы ерегістің соңы атыспен аяқталған.

011

Жанжал түнгі клубқа көңіл көтеруге келгендер арасында туындаған көрінеді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ерегіскендер бірнеше қару түрлерін қолданған. Қақтығыстың салдарынан екі жас жігіт атылған оқтан зардап шеккен.

Белгілі болғандай, жарақат алған азаматтың бірі – сол клубтың күзетшісі. Екінші жігіт – 19 жастағы қала тұрғыны. Клубтың жанында тұрған Lexus көлігіне де оқ атылған, ойын-сауық мекемесінің терезелері сынып жатыр. Қазір тәртіп сақшылары күдікті азаматтарды анықтау үшін арнайы топ құрды.

Оқиға орнына Еңбекші полиция бөлімінің полицейлері келіп, бірнеше гильза тауып, тәркілеген. Орын алған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер дәрігерлердің көмегіне жүгінгенімен, алайда ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Ернар Балабеков