Жаңа жылу есептегіш құралын қойғандар ұтады

457
Жылу есептегіш құрал
Жылу есептегіш құрал

Шымкентте биылғы жылыту маусымына дайындық қызу қарқын алған. Еңбекші ауданы бойынша 525 көп қабатты үйдің 80 пайызы жылу қабылдауға әзір. Қазір қосымша құрылғыларды орнату ісі де мықтап қолға алынып жатыр. Сығымдау жұмыстарымен қоса шағынаудандағы үйлердің жер төлелеріндегі жылу жүйелері де жаңалануда.

Жылу есептегіш құрал
Жылу есептегіш құрал

Жылуды үнемдеу үшін аудандағы 3 көп қабатты үйдің тұрғындары жертөлесінде есептегіш құрылғысын орнатқан. 17-шағынауданындағы № 11 үй тұрғындарының құны 750 мың теңге тұратын құрылғыны қойдырғандарына бір жеті болыпты. Ресейде шығарылған жылу есептеу қондырғысын орнатқандар енді тек тұтынған жылу үшін төлеп, ақшаны үнемдейміз деп отыр.

Қалдарбек Әмірбеков, 17 шағынауданындағы №11 үй комитеті төрағасы: «Құралдың ақысын әр пәтер иесі 260-270 теңгеден төлеп құтыламыз.»

Көрші үйдің тұрғындары да жылу есептегіш құрылғысын орнатпақ. Алайда жертөлесіндегі және пәтерлердегі ескірген құбырлар алмастырылмаса, игі бастаманың шарапаты тие қоймайды.

Бахтияр Тұрабеков, Еңбекші ауданы әкімдігінің бас маманы: «Тұрғындардың көбі әлі де сығымдау жұмыстарына немқұрайлық танытуда. Тез арада жылу жүйелерін ретке келтіруін сұранамыз.»

Шынар Оразова