Жалғызілікті ананың үйінің ауласын су басты

323

Аспан ашық, жер құрғаќ кезде Шымкентте бірнеше баспананы су басты. Қайтпас-1 шағынауданының тұрғындары бір түннің ішінде түсініксіз жағдайға тап болды. Мұнда су құбыры жарылып, тасы,ан су баспананы жайлаған.

014

Білім күні Дәулет үшін дәл осылай басталды. Толарсақтан су кешкен жеткіншек қанша уақыт сабаққа осылай қатынарын білмейді. Таңертең ұйқысынан оянғанда су алабында жатқандай күй кешкенін жасырмады. Мұны көрген анасы да балаларының осындай күйге түскеніне қатты қынжылады. Нәпақасын құрылыс заттарын сатумен тауып жүрген келіншек цементі бүлініп, жарамсыз болып қалғанына ашынады.

Бақыткүл Қарабаева: «101, 102 нөмірлеріне бірнеше рет қоңырау шалдым. Мамандар түнгі сағат 2-де әрең тоқтатты. Оған дейін су үйге кіріп, барлық цементті құртты.»

Мұндай жағдайға тап болған отбасы көршісімен де дауласып қалыпты. Бір ымыраға келе алмаған Бақыткүл Қарабаева жылына 4 рет өз қаражатынан баспанасының айналасын тазалатады. Су құбырының жарылуы салдарынан төмендеу орналасқан дәл осы үй қатты зардап шегіпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=HjoAn7df62E[/youtube]

Арықты бітеп тастаған көршімнің кесірінен айналаны су басты деп отыр ана. Абдырап қалған үш баланың анасы жауапты орындардан көмек сұраса, атқамінерлер ат-тонын ала қашыпты. Тіпті, тілшілермен тілдесуге де шамасы жеткен жоқ.

Бақыткүл Қарабаева: «Олжас деген жігіт келіп кетті. Әкімшіліктің жігіті. Ештеңе істемейміз дейді, өзің біл дейді.»

Тірнектеп жиған тиынын цемент алуға жұмсаған ана енді не істерін білмей дал. Балаларына күздік киім былай тұрсын, мектепке ақ көйлек пен, қара шалбарды әрең тауып беріпті. Енді жалғыз басты келіншек бұл күрделілікпен қалай күресерін білмей дал.

Ғалымжан Кенжебек