Қала әкімі құтқарушыларды мерекесімен құттықтады

560
Құтқарушылар

19 қазан – құтқарушылар күні. Еліміздің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті бұл мерекені осымен 20-шы рет тойлағалы отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=MGbG9INgtfI[/youtube]

Құтқарушылар

Осыған орай аталған құрылым қызметкерлері Әл Фараби атындағы орталық алаңда шеру өткізді. Мерекелік шараға облыс және қала басшылығы құрылым қызметкерлерін құттықтау үшін арнайы келді. Олар құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің соңғы заманауи үлгідегі тың техникаларымен танысты.

Құтқарушылар

Кинологтардың үйретілген иттері де шеруден тыс қалмады. Табиғи және техногенді апат кезінде бұл жануар таптырмас серік. Алаңда арнайы қойылған түрлі кедергілерді кинологтардың иттері қиын көрмеді. Құрылымға қарасты спортшылар аз уақыт ішінде өрт сөндіруге қаншалықты әзір екендерін байқатты. Осындай жоғары біліктілігін көрсеткен мамандарға жиналған жұрт ризашылықтарын білдірді.

Құтқарушылар

Құтқарушылар

Құтқарушылар

Құтқарушылар

Құтқарушылар

Құтқарушылар

Құтқарушылар