«Қуат жылу орталығы» қысқа дайын

400
Оның үстіне штаб отырысының негізгі кейіпкері болуға тиісті «3-Жылуорталығының» директоры кезекті еңбек демалысында

Шымкеттегі «Қуат жылу орталығы» мекемесіне қарасты жылу жүйелерінде құрылыс аяқталуға жақын. Алдағы демалыс күндері жүйені сумен толтыру жұмыстары жалғасады. Басшылардың мәлімдеуінше орталыққа тиесілі 836 көп қабатты үй, 80-ге жуық мектеп, балабақша мекемелерінде сығымдау жұмыстары жүргізіліп, жылу қабылдауға дайын.

Оның үстіне штаб отырысының негізгі кейіпкері болуға тиісті «3-Жылуорталығының» директоры кезекті еңбек демалысында

Қабанбай батыр даңғылы мен Ерманов көшелерінің қиылысындағы жылу жүйесінде жұмыстарды құрылысшылар таяуда аяқтайды. Жаңаланған магистралды құбырларда ақау болмас үшін дәнекерлеушілер барын салуда.

Бұл нысаннан бөлек «Темірзат» серіктестігі он учаскеде жұмыс жүргізуде. Мердігер 5,8 шақырымдағы ескірген құбырларды алмастырды.

Бегалы Шынәділов, «Темір зат» ЖШС құрылыс жөніндегі директоры: «Жұмысты бүгін аяқтаймыз. Кесіп жатырмыз. 17 қазанда су толтыру басталады. Кестеден ауытқығанымыздың себебі – Қарағандыдан жеткізілетін құбырлар кешікті.»

«Қуат жылу орталығы» мекемесі қаладағы Оңтүстік аумағы және Нұрсәт шағынауданын есептегенде 171 шақырым жылу жүйесіне жауапты. Бүгінгі таңда орталыққа қарасты 836 көп қабатты үй, 80-ге жуық мекемеде сығымдау жұмыстары жүргізіліп, жылу қабылдауға дайын.

Айбек Қожабеков, «Қуат жылу орталығы» МКМ бас инженері: «15 қазаннан жүйені сумен толтыру басталды. Қазір Нұрсәтте жүйелер тексерілуде, сосын Әл Фараби ауданындағы МЖК-да. Ертең «Теріскейден» элеваторға дейін.»

Ауа райы суытқанға дейін жылу жүйелерін жаңалау шымкенттіктер үшін үйреншікті жәйт. Не де болса алдағы жылу беру маусымында жаңаланған жүйелерде ақау орын алмай жылу мардымды болса болғаны дейді тұрғындар.

Шынар Оразова