Қырғыз азаматы 5 келіден астам героинды сатпақ болған

378
Героин

Оңтүстіктің полицейлері есірткі затын сатпақ болған қырғыз азаматын ұстады. Күдікті 5 келіден астам героин тәркіленді.

Героин

Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінде Жамбыл облысында тұратын 28 жастағы күдіктіні ұстады. Қырғызстан азаматының бөлмесін тінту барысында есірткі затына ұқсас ұнтақ оралған үш түйіншек орама табылып, тәркіленді.

Героин

Шұғыл қызметкерлер іздестіру барысында күдіктінің екі сыбайласын, 27 және 50 жастағы Жамбыл облысының тұрғындарын құрақтады. Ал сот-криминалдық сараптамасы тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 5,5 келіні құрайтын героин екенін анықтады.

Қазір осы факті бойынша қылмыстық кодекстінің 297-бабына сәйкес (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасмалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.