«100 нақты қадам» – дағдарыстан шығудың айқын бастамасы

306
Нұр Отан

Елбасы белгілеп берген «100 нақты қадам» жобасы – дағдарыстан шығудың айқын бастамасы. «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері ел болашағы үшін маңызды бағыттар айқындалған ұлт жоспарына осындай баға берді.

Нұр ОтанСаяси ұйым белсенділері 5 институционалды реформаны жүзеге асырудың тетіктері мен міндеттерін ортаға салды. Сондай-ақ бүгінгідей кезеңде саяси тұрақтылық пен халықтың ауызбіршілігі және тұтастығының маңызы зор екенін де атап өтті.

Филиалдың кезектен тыс отырысында республикалық байқауда белсенділік танытқан үздік бастауыш ұйымдар марапатталды. Жұмысын жіті атқарып жүрген тұлғалар партияның республикалық конференциясына делегат етіп сайланды.