№3 энерго орталығының қазандығы іске қосылды

355
№3 жылу-энерго орталығы

Шымкентте орталық желіден жылу беру маусымы ауа райына байланысты болады. Жауапты мамандар осылай дейді. Күн райы 8 градустан төмен қалыпты сақтаған жағдайда тұрғын үйлер орталық жүйеден жылытылады.

№3 жылу-энерго орталығыАл осы арада кеше түнде № 3 жылу-энерго орталығының қазандықтары іске қосылды. Онда алғашқы әзірлік жұмыстарымен қатар қаланы электр қуатымен қамту да қоса қолға алынып отыр.

Айта кету керек, аталмыш нысан бүгіннен бастап шаһардағы қажеттіліктің 75 пайызын өндіреді.

Шымкент қаласының басшылары биыл жылудан мәселе туындамайды деп сендірді. Орталық жүйеден жылу алатын 1762 көп қабатты үй және 300-ден астам мекеме жылу алуға даяр. Жалпы, жылу маусымы 25 қазаннан кейін белгілі болмақ.

Нұрлан Жаңабай