Колледж студенті құрдасын пышақтап кетті

338
Колледж

Шымкентте өз курстасын пышақтап тастаған колледж студенті ұсталды. Оқиға бірінші дәрістен кейін орын алған. Абай ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласында жаға ұстасқан студенттердің бірі пышақ жарақатымен ауруханаға түседі.

Колледж

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 17 жасар жасөспірімнің пышақтан алған дене жарақатынан қансырап жатқанан көрген. Кейіннен оның жеке басын анықтап, колледж студенті екенін біледі. Жарақат алған жеткіншек – Отырар ауданының тұрғыны. Оны қарсыласы үш жерінен пышақтап тастаған.

Абай полиция бөлімінің жедел уәкілдері тез арада көргендерді сұрастырып, күдіктіні анықтауға кірісті. Екі сағаттың ішінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікті ұсталды. Ол жәбірленушімен бірге оқитын құрдасы болып шыққан.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1SLej1UFpas[/youtube]

Шардаралық жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Айғақтық зат ретінде пышақ алынып отыр. Тергеушілер кикілжің неден бастау алғанын анықтауға кірісті. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ернар Балабеков