ОҚО әкімі жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барды

684
Берік Атамқұлов

Оңтүстік Қазақстан өңірінің басшысы Б.Атамқұлов жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барды. 54 мыңнан астам халқы бар ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Бәйдібек ауданында 52 елдімекен бар, оның ішінде 31 ауыл таза ауызсумен қамтылған.

Мектеп

Іс-сапар барысында облыс әкімі Боралдай ауылдық округіне қарасты Жыланды елдімекеніндегі пайдалануға берілгелі отырған 200 орынды орта мектеп құрылысымен танысып, нысанның сапасына назар аударуды, оқу орнын ғаламтор желісіне қосылуын және білім беру ошақтарындағы кітап қорын көбейту қажеттігін атап көрсетті.

Мектеп

Мектеп

Бұған қоса айта кетер жаңалық, ауданда 1 пәтерлі 20 коммуналдық үй салынуда. Оның алтауы өткен жылы түрлі деңгейдегі әлеуметтік отбасылар мен жетімдерге пайдалануға берілген. Тұрғын үйлер төрт санат бойынша кезекпен берілуде.

Олар – ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер және жалғыз тұрғын үйі Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты жағдайда деп танылған азаматтар.

Тұрғын үйлер

Бұдан кейін өңір басшысы Бәйдібектегі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың үйіне барып жағдайын сұрады. Бұл отбасы әлеуметтік бағдарлама аясында салынған коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

Берік Атамқұлов

Нағашы әжесі Зеберкүл апасы қамқорлығына алған төрт баланың жағдайымен танысқан облыс әкімі отбасыға толық жиынтығымен компьютер және теледидар сыйлады. Сондай-ақ, бұл отбасын алдағы уақытта тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ететінін айтты.