«Парасатты полицей» конкурсы өтіп жатыр

233
Парасатты полицей

Шымкентте «Парасатты полицей» конкурсы өтіп жатыр. Тәртіп сақшыларының республикалық сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда келген. Барлығы 100-ден астам құқық қорғаушы бар өнерін салып, өзінің командасының намысын қорғайды.

Парасатты полицей

 

Инспекторлар бір күнге заңдық қаталдық аясынан шығып, сахнада ән салады, әзіл айтады және би билейді. Олардың өнерін араларында өнер адамдары бар әділқазылар алқасы бағаламақ.

Парасатты полицей

 

Конкурстың мақсаты халық арасында полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу дейді ішкі істер министрлігінің өкілдері. Бұған қоса қазақ тілін білу де аса маңызды.

Парасатты полицей

Конкурс бірнеше кезеңмен өтеді. Солардың нәтижесі бойынша әділқазы алқасы полиция қызметкерлерінің арасынан үздік үш команданы анықтайды. Сақшылардың сайысы екі күнге созылады. Айта кету керек, конкурс биыл 6-рет өтуде.

Парасатты полицей

Парасатты полицей