Шымкент әкімінің жүлдесін шығыстың жастары жеңіп алды

463
КТК ойындары

Шымшаһарда қала әкімдігі мен «Шымкент жастары» мекемесінің ұйымдастыруымен көңілді тапқырлар ойыны өтті. Қызықты ойындар Қазақ xандығының 550 жылдығы және қала күні мерекесіне орай да ұйымдастырылған.

КТК ойындары

Бас жүлде Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі еді. Тартысты ойында Алматы, Ақтөбе, Орал, Аягөз, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларының үздік командалары бақ сынасты.

КТК ойындары

Сонымен, ІІІ орынды Орал қаласының «Гранд» командасы жеңіп алса, ІІ орынды Ақтөбелік қонақтар, яғни, «Фемида» командасы иеленді.

КТК ойындары

І орынды жерлестеріміз, М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрамасы – «Байдың балалары» командасы алса, бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысынан келген «Аягөз» құрамасы жеңіп алды.

"Аягөз" КТК командасы

КТК ойындары

Қала әкімі Ғ.Әбдіраxымов жастар жанашыры ретінде ойынға қатысып, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады, КТК ойынына қатысы бар барша қауымға алғыс білдірді.

КТК ойындары