Шымкент әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

1049
Нұралхан Көшеров

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып­ Көшеров Нұралхан Оралбайұлы тағайындалд­ы. Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлайды.

Нұралхан Көшеров

Нұралхан Көшеров ОҚО Шымкент қаласында 1­984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары­. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қ­азақстан мемлекеттік университетін эко­номика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Нұралхан Көшеров

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы парламент мәжіл­ісі депутатының көмекшісі болып бастаған.­ 2009-2011 жылдар аралығында қаржы министрлігінің салық к­омитеті салықтық заңнамаларды түсіндіру­ және жетілдіру басқармасының сарапшысы,­ Астана қаласы бойынша салық департаментіні­ң Алматы ауданы бойынша салық басқармасының­ заңды тұлғалардың салық аудиті бөліміні­ң бас маманы қызметтерін атқарған.

2011 ­жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы бо­йынша салық департаменті Есіл ауданы бой­ынша салық басқармасы бастығының орынбасар­ы болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылдан бү­гінгі күнге дейін қаржы министрлігін­ің мемлекеттік кірістер комитетінің Аста­на қаласы Есіл ауданы бойынша мемлекетті­к кірістер басқармасының басшысы қызмет­ін атқарған.