Шымкентте елімізде жоқ қоғамдық бау өседі

446
Көшет егу

Шымкент Қазақстандағы үшінші және ең көне қала ғана емес, енді нағыз жасыл қалаға айналатын болды. Шаһардағы «Жасыл аймақ» мекемесінің мамандары қаланың батыс бөлігіндегі 2500 гектар алқапқа ағаш көшетін егу жұмыстарын бастады.

Көшет егу

Жасыл аймаққа желтоқсан айына дейін 3 млн түп қарағаш егіледі. Бұл жұмыстарға 23 техника мен 120 жұмысшы жұмылдырылған. Нәтижесінде Шымкент қаласындағы жасыл желек 5 мың гектар алқапқа ұлғаймақ.

Мұхит Отаршиев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы: «Ггіліп жатқан көшеттің бәрі өзіміздің облыстағы тәлімбақтардан алынған. Күніне 100 мың көшет егіледі. Соның 60 пайызы жерсініп кетсе, еңбектің еш кетпегені дейді мамандар.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=9snadldUbO4[/youtube]

Бұдан бөлек қаламызда қоғамдық бақ та құрылады. Аумағы 200 гектарды құрайтын бақта алма, шабдалы алмұрт секілді жеміс ағаштары өсіріледі. Баққа серуендеп келген тұрғындар жеміс-жидектерді өздері теріп алуға мүмкіндіктері болады. Бұл республикамыздың өзге қалаларында жоқ жаңалық.

Жасыл аймақ

Бұл алқапқа көшет отырғызу үшін сала мамандары бірнеше жыл дайындалған. Жерді құнарландырып, топырақтың ылғалдығына көптеп көңіл бөлген. Ал жасыл аймаққа егіліп жатқан қарағаш көшеті үшін мол судың қажеті бола қоймайды екен.

Нұрлан Жаңабай