Шымкентте отандық киімдер таныстырылды

973

Шымкентте отандық өнімдердің көрмесі өтті. Халықаралық шарада тоқыма өнеркәсібі мен сол шикізаттан дайындалған заманауи киім-кешектер кеңінен таныстырылды. Арасында дизайнер, сән маманы, 2005 жылы «Қазақстан аруы» мәртебесін еншілеген Дина Нұралиеваның аруларға арналған күзгі киімдер топтамасы да бар. Соңғы үлгілерді тамашлауға келген жерлестеріміздің де қарасы қалың.

Сәндік көрсетілім

Сәндік көрсетілім

Ал шетелден шақырылған меймандар көрмедегі өнімдерді фотоға түсіріп, талдауды ұмыт қалдырған жоқ. Шара аясында тұңғыш рет отандық ерлер үшін сәні мен сапасы үйлестірілген киімдер ұсынылды. «Алтын адам» отандық тігін фирмасы ерлерге арналған костюмның 10 түрлі классикалық үлгісін әкеліпті.

Сәндік көрсетілім

Сәндік көрсетілім

Айжан Нұрланова, «Алтын адам» тігін фирмасының директоры: «Біздің фирмада бір ауысымда 400-ден астам адам жұмыс жасайды, мұндай фабрика Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Ал бүгінгі топтаманың ерекшелігі – сапасы мен маталарында. Көптеген сараптамалар мен зерттеулер, сараптама жүргізе отырып, осындай сән үлгілерін таңдап отырмыз».

Сәндік көрсетілім

Салтанатты шарада отандық фирма басшылары көрмеде таныстырылған киімдердің бағасын анағұрлым арзан етіп ұсынатындарын жеткізді. Айтуларынша, нарықтағы сұраныс көлемін арттыру үшін киімдердің бағасын түсіру қажет болған. Яғни, қазіргі уақытта тігін фирмалары дайын өнім, оның ішінде әр костюмді 20 мың теңгеден жоғары саудалап жатыр.