Шымкентте жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр.

415

78787787Шымкентте жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Жылу берушілер қаланың солтүстік бөлігіндегі жылу жүйесі 98 пайызға дайын деп сендіреді. Алайда, Шымқаланың тең жартысын жылумен қамтып отырған «Энергоорталық» АҚ тұтынушылардан былтырғы жылғы қарыздарын толықтай өндіре алмай отыр. Қазір берешегі бар тұрғындардың ісі сотта қаралып жатыр.
Күн суыта жұмысшылар жылуға дайындық жұмыстарына қамшы басты. Қазір 3 шақырымнан астам магистральды және 11 шақырым ішкі орамдық жылу жүйесі құбырларына қымтау жұмыстары жасалып жатыр. Осыған дейін тозығы жеткен 5 шақырым жылу құбырлары алмастырылды. Мамандар бұл шаралар жылу шығындарын азайтып, сапасын жақсартады, деп сендіреді. Сондай-ақ, электр энергиясының жылдық өнімділігін де айтарлықтай ұлғайтады,- дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=e5NLfskgsSM[/youtube]

Жылу маусымына әзірлік ойдағыдай жүріп жатқанымен борышкерлер қолды байлап тұр. Жылу беруші мекеме былтырғы маусымға қарыздар тұтынушылардан 431 млн теңгені өндіру үшін сотқа арызданған. Алайда мамандар сот орындаушыларының жұмысының сылбырлығына наразы. Салдарынан жылу берушілер көгілдір газбен қамтып мекеме алдындағы былтырғы қарызынан әлі күнге құтыла алмай отыр.
Алайда мамандар қаржылық түйткілдерге қарамастан, жылыту маусымына әзірлікті тоқтатпаймыз, деп уәде берді. Қаланың солтүстік бөлігіндегі жылу жүйелері бүгіннің өзінде 98 пайызға дайын. Алайда, жылу берушілердің пысықтау жұмыстары қақаған қыста сыналады.