Сығымдалмаған құбыр тексеру кезінде жарылды

324
Құбыр жарылды

Шымкент қаласында жылу жүйелері дайын көп қабатты үйлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қыста тұрғындары тоңуы мүмкін 7 үй бар. Тұрғын үй қатынастары заңына сай үй иелері жертөлелеріндегі тозған құбырларды алмастырып, сығымдау жұмыстарын өз қаржыларына жүргізулері тиіс.

Құбыр жарылды

Осындай түсінбеушіліктің кесіріен Ерманов көшесіндегі №13 үйдің екі пәтерін су алды. Жылу берушілер элеваторға су жіберген, нәтижесінде пәтерлердегі жылу жүйелері жарылып кетіпті. Атқылаған ыстық су төменгі қабаттағы тұрғындарды әбігерге салды. Мамандар мұндай олқылықтардың алдын алу үшін әр пәтер иесі жылу жүйелерін тексеріп шыққаны дұрыс деп кеңес береді.