Тассайда жұмысшылардың кесірінен көлік кептелісі болды

242
Көлік кептелісі

Тассайдағы күл-қоқыс әлі тазарған жоқ. Соның салдарынан таңертең жұмысқа асыққан ағайын межелі орынға жете алмай, жолда қалып қойды. Анығырақ айтсақ, құрылыстан қалған қалдықтар жолға бөгет болған, тіпті автобустар мен жүздеген автокөліктер кептелісте тұрып қалды.

Көлік кептелісі

Бұл жөнінде тұрғындардың өзі  редакциямызға Ватсап желісі арқылы хабарлады. Ал біздің түсірілім тобы мәселенің мән-жайына үңілді. Анықталғандай, қалдықтар Тасай аумағындағы көшенің кеңейтілуіне байланысты қолға алынған құрылыстан қалған.

Алайда ондағы жұмысшылар дүйсенбі күні таңертеңгісін қозғалыстың қауырт болатынын білет тұра тірлікті неге тастап кеткені түсініксіз.  Бұған қоса тұрғындар осындай олқылықтың бірнеше рет қайталанып отырғанын айтып, ашынады.