Жылу бағасы да қымбаттайды

216

Биыл бес жылдан бері тұрақты тарифте жеткізіліп отырған жылу бағасы да қымбаттайды. Тамыздан бастап жеке тұлғалар үшін жылудың жаңа тарифі бекітілген.

жылу маусымыОсыған дейін жылудың бір шаршы метріне 91 теңге төлеп келген тұрғындар енді 109 теңгеден төлейтін болады. Бұл – ескі тарифпен салыстырғанда 19 пайызға артық. Мамандар бұл соманы қымбат көрген тұтынушыларға есептегіш құрылғыларын орнатуға кеңес береді. Себебі бұл әдіспен есеп айырысу екі есеге арзан түседі екен.

Батырша Маханов, облыстық ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары: «Дифференциалды есеп айрысу әдісі бойынша есептеуіш құралдарын орнатқан тұтынушылар жылудың геколориясына 2600 теңге төлесе, есептеуіш қүралдары жоқ абоненттер 6400 теңге төлейді. Бұл тиімді, әрине. Тұтынушыларға осындай есеп айырысу жолдары ұсынылып отыр.