«Қызыл» сызыққа құрылыс салғандар жазаланады

693
Заңсыз құрылыс

Қала аумағында «қызыл» сызықтың үстіне құрылыс салғандар жазаға тартылады. Шымкент аумағында мемлекеттік құрылыс нормалары мен талаптарының сақталай, заңсыз салынған құрылыс нысандарын тексеру үшін қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров бастаған топ рейдке шықты.

Заңсыз құрылыс

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың тікелей тапсырмасы негізінде жүргізілген іс-шарада қалалық ішкі істер басқармасының анықтауымен облыс аумағында заңсыз және мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұзып жүргізілген 196 құрылыс нысаны тексеріліп, 106-сына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Оның ішінде заңсыз салынған 30 үйді бұзу үшін іс құжаттары сотқа жолданды. Бүгінгі таңда 63 нысан иелеріне нұсқау беріліп, 20-сы тексерілуде.

Заңсыз құрылыс

Атап айта болсақ, Арғынбеков көшесі бойындағы заңсыз салынған 25 нысанның иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 4 нысанның иесі табылмағандықтан, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлері нысан қожайындарын басқармаға 11 қарашаға дейін жеткізу туралы хат жолдады. Сонымен қатар Бәйдібек би даңғылында орналасқан үш құрылыс нысанының меншік иесін 12 қарашаға дейін басқармаға хабарласуын талап еткен хат әзірленді.

Барлығы 43 нысанға әкімшілік іс қозғалып 12,1 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар қосымша 13 заңсыз құрылыс нысанын бұзу туралы іс сотқа жолданып, 3 нысанды бұзуға, 9 нысанға айыппұл салу туралы шешімдер шықты, 1 нысан сотта қаралуда.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі