Адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

278

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, қашып кеткен 20 жастағы жүргізуші ұсталды. Оқиға 15 қараша күні болған.

жаяу жүргіншілер жолыТаңертеңгі уақытта кезекші полицейге Ынтымақ шағынауданында жаяу жүргіншіні көлік соғып кеткені жайлы суыт хабар түседі. Оқиға орнына тез арада жеткен тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан азаматты белгісіз автокөліктің соғып кеткенін анықтады. Соның салдарынан 35 жастағы қала тұрғыны алған ауыр дене жарақатынынан оқиға орнында көз жұмды. Ал марқұмды қаққан жүргізуші қашып кетіпті.

Дегенмен, ол алысқа ұзай алмады. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде адам қаққан жүргізушіні тапты. Ол 20 жастағы Шымкент тұрғыны болып шықты. Қазір өз кінәсін толық мойындап отыр.

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 345 және (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) 347-баптарына (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сай іс қозғалды. «Опель» автокөлігі ақылы айып тұраққа қойылған. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.