Арыста жол жағасынан граната табылды

312
Граната
Фото: //mopedist.ru

Арыс қаласында жолдың жағасынан граната табылды. Оны жергілікті тұрғын байқап қойыпты.

Граната
Фото: //mopedist.ru

22 қараша күні Арыстағы полицияның кезекші бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, Арыс-Шардара жолының шетінен гранатаға ұқсас затты көргенін хабарлайды.

Тез арада көрсетілген жерге Арыс полицейлері мен жергілікті әскери бөлімінің саперлары келді. Аумақты қоршап, тексерген мамандар гранаттың Ф-1 оқу-жаттығу құралы екенін, ешкімге зияны жоғын анықтайды.

Қазір осы факті бойынша қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, біреуге беру және заңсыз сақтауға байланысты қылмысты іс қозғалды. Сараптама тағайындалған.