Ірі жол апатынан 4 адам мерт болды

201
Жол апаты

Оңтүстікте ірі жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 4 адам мерт болды. Қайғылы жағдай Шымкент-Самара бағытындағы тасжолдың бойында болды. 24 жастағы жүргізуші өзініѕ басқаруындағы «Lexus » автокөлігімен жолдың қарсы бетіне шығып, «Opel Vektra» автөкілігімен соқтығысқан.

Жол апаты

Соның салдарынан «Opel» автөкөлігі түгі қалмай жанып кетеді. 29 жастағы жүргізуші және үш жолаушы оқиға орнында мерт болды. Апатқа себепкер болған «Lexus» автокөлігінің ішіндегі 4 жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақат алып, Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізілген.

Айта өтейік, 2015 жылдың он айында Оңтүстікте 1818 жол апаты тіркелген. Соның кесірінен 316 адам қайтыс болып, 2516 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.