«Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелеріне билет табысталды

575

Қазақстан республикасының тұңғыш президенті күніне орай «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалында мерекелік шара өтті. Онда «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» атты республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

"Нұр Отан" партиясы

Облыстағы 54 бастауыш партия ұйымының арасынан оза шыққандарға алғыс хат табысталып, естелікке бағалы сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, партияның мүшелігіне қабылданған азаматтарға партия билеттері табыс етілді.

"Нұр Отан" партиясы

Түрлі салада еңбек ететін 14 азамат «Нұр Отан» партиясы қатарында халыққа қызмет етуге дайын екендерін жеткізді.